УАЛИХАНОВА Гаухар Шыналбайқызы » «Алтын тұмар» бөбекжай-балабақшасы»
Түркістан облысының білім басқармасының
Арыс қаласының білім бөлімінің
«Алтын тұмар» бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (72540) 2-33-26
Әдіскер:
+7 (705) 690-83-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
қараша
2022

УАЛИХАНОВА Гаухар Шыналбайқызы

Уалиханова Гаухар Шыналбайқызы 1972 жылы 22-сәуірде  Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында педагогтар отбасында дүниеге келген. 1979-1989 жылдар аралығында Арыс қаласындағы «Арыс» орта мектебін үздік бітірген.1989-1991 жылдар аралығында Алматы  қаласындағы  педагогикалық училищесіне түсіп, қызыл дипломмен тәрбиеші мамандығын алып шықты. 1991 жылдың қыркүйек айынан бастап еңбек жолын «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс істеген.Осы уақыт аралығында Гаухар Шыналбайқызы ұжым арасында іскерлігімен, қабілеттілігімен ерекше көзге түсе білді. Ол «Ұстаз» - деген сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты және адамгершілік құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиеледі.1993 жылы сәуір айында балабақша әдіскері қызметіне ауыстырылды.1998-2002 жылдар арасында Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне түсіп, «Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шықты.2012-2014 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша  білім бакалавры академиясының дәрежесі берілді. 2014 жылы қыркүйрек айында «Балапан» мемлекеттік бағдарламасымен ашылған «Алтын тұмар» бөбекжай-балабақшасының меңгерушілік қызметін бүгінгі күнге дейін атқарып келеді. Педагогика саласын жүрек қалауымен таңдап, сол салада еңбек етіп жүргенін білікті маман. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған жемісті жылдарда ұдайы назарда жүретін, ұстаздың ұстанымы үнемі жаңашылдыққа ұмтылатын, әр баланың бойынан жақсылық тауып жүретін, бұлақтың көзін ашу арқылы, өрелі мақсаттарға жете біледі. Осының бір дәлелі:

  • 2012 жылы Арыс қаласының білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.
  • 2012 жылы Арыс қаласының әкімінің «Алғыс хат» марапатталды.
  • 2012 жылы Арыс қаласының білім бөлімінің «Алғыс хат» марапатталды.
  • 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан  облысы білім басқармасының «Құрмет грамотасы» марапатталды.
  • 2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Өрлеу» біліктікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Мектепке дейінгі ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдары» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтіп,сертификатын иеленді.
  • 2013 жылы Арыс қалалық маслихатының грамотасымен марапатталды.
  • 2013 жылы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңесі Қоғамдық бірлестігі «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
  • 2015 жылы Арыс қаласы әкімдігі Мәдениет және тілдер дамыту  бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.
  • 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасының  «Алғыс хатымен» марапатталды.
  • 2017 жылы «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» медалімен  марапатталды.
  •  2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Өрлеу» біліктікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Білім беруді жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың инновациялық іс-әрекетін басқару» тақырыбында курстан өтіп сертификатын алды.
  •  2017 жылы Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
  • 2018 жылы«Жылдың үздік мектепке дейінгі ұйымы-2018»номинациясымен марапатталды.
  • 2018 жылы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының «Кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау курсы» бойынша оқу бағдарламасын өткендігі туралы сертификатты иеленді. 
  • 2018 жылы Білім санат журналына «Жақсы тәрбие балабақшадан басталады» атты мақаласы жарық көрді.
  •  2018 жылы Отбасы және балабақша журналына «Балғындарды нұрға бөлеген- «Алтын тұмар»!» атты мақаласы жарық көрді. 
  • 2019 жылы Республикалық ақпарат-қоғам газетінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
  • 2019 жылы Арыс қаласының Білім бөлімінің бас жүлде «Дипломмен» марапатталды.
  • 2019 жылы Арыс    қаласының Білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
  • 2019 жылы Арыс қаласының Білім бөлімінің бас жүлде «Дипломмен» марапатталды.
  • 2019 жылы Арыс қаласы әкімдігі Мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің «Алғыс хатымен»  марапатталды.
  • 2019 жылы Республикалық ақпарат-қоғам «Жемқорлыққа жол жоқ» газетінің «Алғыс хатымен»   марапатталды.
  • 2019 жылы Түркістан облысының Білім басқармасы облыстық әдістемелік орталығының мадақтамасымен марапатталды.
  • 2019 жылы Түркістан облыстық мәслихатының грамотасымен марапатталды.
  • 2019 жылы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
  • 2019  жылы 26 тамыздағы ҚР жарлығы бойынша «Ерлігі үшін» медалімен наградталды, 2019 жылы Түркістан облысының білім басқармасы облыстық әдістемелік орталық «Мектепке дейінгі үздік басшы-жарқын болашақтың кепілі»тақырыбындағы облыстық байқауына қатысып I-орын иеленгені үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды. 
  • 2019 жылы «Білім шыңы- ғылым сыры» журналына «Арыстағы Гаухар апайдың ерлігі» мақала жарық көрді.
  • 2020 жылы Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік саласы кәсіподағы Орталық Комитеті Түркістан облысы агроөнеркәсіптік кешені еңбеккерлері кәсіподағы «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды.
  •  2020 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі Министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің «Азаматтық қорғау саласындағы даярлықтан өткені туралы» сертификатты иеленді.
  • 2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Өрлеу» біліктікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық менеджмент» тақырыбында курстан өтіп сертификатын алды.
  •  2021 жылы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМҚШымкент қаласы және Түркістан облысы филиалының «Кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау курсы» бойынша оқу бағдарламасын өткендігі туралы сертификатты иеленді. 
  •  2022 жылы «Жарасымды жанұя» Республикалық әдеби шығармашылық, тарихи-танымдық журналына «Бала бақша болашақтың баспалдағы» атты еңбегі жарық көрді. 
  • 2022 жылы Оңтүстік Қазақстан газетіне «Ұйымшыл ұжым» атты мақала жарық көрді.
  • 2022 жылы жарық көрген «Дәстүрден тыс сурет салу техникасы» мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиешілерге арналған әдістемелік құралдың құрастырушысы.

Жалпы еңбек өтілі  мен педагогикалық еңбек өтілі  33 жыл, оның ішінде осы балабақшадағы еңбек өтілі 10 жыл. Уалиханова Гаухар Шыналбайқызы - отбасылы. Жұбайы - Кадырбаев Данияр Амангельдиевич. Отбасында бір қызды тәрбиелеп отыр. Амангелді Аяжан Даниярқызы -  бүгінгі таңда Астана медицина университеттің 5 курс студенті. Жұмыс барысында Гаухар Шыналбайқызы білікті басшы ретінде өзінің міндеттерін ұқыптылықпен, жауапкершілікпен орындайды. Өзінің кәсіби деңгейін үздіксіз көтеру арқылы ұжымдағы ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ізденімпаз, қиын жағдайда өз бетінше шешім қабылдай алатын іскер басшы. Балабақшаның дамуына өз үлесін аянбай қосып келеді. Еңбегінің нәтижесін көруде.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив